Келе жатқан Құрбан айт мерекесіне дайындық қызу жүргізілуде. Осыған орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен мешіт имамдары Тараз қаласындағы қасапханалардың жұмысын бақылап қайтты.
Имам "Исатай 1" және Волков көшесіндегі қасапханалардың тазалығын, мал сою орындарының дайындығын көріп, бағасын берді.
Қасапхананың «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға қойылатын жалпы стандарт талаптарын» сақтауы, шариғат және стандартқа сай мал бауыздалуы қаралды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі