Жамбыл ауданы 31 мешітпен толығып отыр. Барлығыда ҚМДБ-на филиал болып тіркелген. Қызылшарық ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанатына Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев және ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, ауданның құрметті азаматтары мен ауыл тұрғындары сонымен қоса, кәсіпкерлер де қатысты. Алғашқы сөз бас имам Бейбіт Мырзагелдиевке берілді.
Жұртшылықты жаңа мешітпен құттықтаған облыстың бас имамы, ҚМДБ-ның бас муфти хазірет Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сәлемдемесін жеткізді. Ел игілігі үшін Алланың үйіне атсалысқан азаматтарға өз алғысын білдірді. Міне, осындай екі дүние бақытына жол көрсететін ғибадат үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Көпшілікке дастархан жайылып, Қасиетті Құран оқылды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі