#Қордай: "Әл-Хафиз" мешітіне имам тағайындалды

#Қордай: "Әл-Хафиз" мешітіне имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы Жамбыл ауылы "Әл-Хафиз" мешітіне жаңа имам тағайындалды. Ресми шараға Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы барып, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жамағатқа имамды таныстырды.

Ауылдық мешітке имамдыққа келген Рамазан Омаров Тараз қаласындағы "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің түлегі, жас маман. 

Көпшілік жұмысына сәттілік тілеп ақ сақалдар батасын берді. Жас маманнан балаларымыз сауатын ашады деп қуанған жамағат та имамға құттықтау айтты.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: