Аллаға шүкір ету

Аллаға шүкір ету

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұса алейһиссалам, Алла Тағаладан былай сұрайды:

– Иа, Раббым! Адамдар берген нығметтеріңнің шүкірін қалай орындаған болады?

Алла Тағала былай бұйырады: «Ей, Мұса! Бір адам өзіне берген нығметтерімді меннен деп біліп өзінен деп білмесе, нығметімнің шүкірін орындаған болады. Бір құлым ризықтарын өзінің еткен еңбектерінен деп біліп, меннен деп білмесе, нығметтердің шүкірін орындамаған болады».

Алла Тағала хадис құдсиде былай бұйырған:

«Адамдарды және жындарды Мен жараттым. Ал олар басқаға ғибадат етіп табынуда. Рызықтарын Мен берудемін, ал олар басқаға шүкір етуде!»

Дәуіт алейһиссалам Алла Тағалаға мінәжат етіп сұрады:

–Иа, Раббым! Адам алейһиссаламға өте көп сый-сыйапатпен мейірімділік таныттың. Ол саған қалай шүкір етті?

Алла Тағала былай бұйырады: «Ей, Дәуіт! Ол бүкіл сый-сыйапаттарымды менің тарапымнан келіп жатқанын білді. Оның бұлай білуін оның шүкірі ретінде қабылдадым!»

Дәуіт алейһиссалам:

–Иа, Раббым! Нығметтің шүкірін қалай орындаймын? Өйткені, шүкірді орындаудың өзі де сеннен келетін нығмет.

Алла Тағала былай бұйырады: «Ей, Дәуіт! Сен қазір шүкір еттің. Өз әлсіздігіңді нығметтің шүкірі деп білдің». 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: