Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы бесін намазына келген жамағатты келе жатқан қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, қажылық және сабырлық турасында уағыз айтты.
Бас имам өз сөзінде: «Қажылық жасау – мұсылманның бес парызының бірі. Шариғат бойынша кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман ғана парызын өтей алады» - деді. Жамағаттан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі