Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің бас имамы Акмамбетов Асхат Аманжолұлы Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылында орналасқан «Жуалы» мешітіне іс-сапармен ат басын бұрды.
Аталмыш мешітке арнайы келіп, мешіттің хал-жағдайымен танысты. Алла үйінің жай-күйін бақылап, мешіт имамы Медетбеков Сейітқазы қажы Әбдірұлы мен мешіт жамағатымен кездесті. Кездесу барысында алдағы уақытта бірлесе отырып, елдің бірлігі мен ынтымағын және имандылығын арттыру мақсатында атқарылатын іс-шараларды бір кісідей жұмыла атқаруымыз керектігін басып айтты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі