"Һибатулла Тарази" мешітінде жазғы сауат ашу курсы мәресіне жетті

"Һибатулла Тарази" мешітінде жазғы сауат ашу курсы мәресіне жетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биыл "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде жазғы маусымға арналған мектеп жасындағы балаларға сауат ашу курсы ұйымдастырылды.

Жазғы имани-лагерде 3 топта 50-ден аса шәкірт имани тәрбиемен сусынданып шықты. Оларға медресеміздің 3-курс студенттері мен "Нұр-Мүбарак" университетінің педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп жатқан студенті сабақ берді.

Шәкірттер сенім, ғибадат, әдеп, Құран әліппесі пәндері бойынша дәріс алды.  

Бүгін де курс өз мәресіне жетіп, оқушылардан сынақ емтиханы алынды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: