ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТІҢ НАЙБ ИМАМЫ "ЖӘМИ" МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТІҢ НАЙБ ИМАМЫ "ЖӘМИ" МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев  Шу қаласындағы «Жәми» мешітінің жамағатына құптан намазында уағыз айтты.

Найб имам жамағатқа «Мұсылман мұсылманның бауыры» тақырыбында сөз қозғады. Адамзат өмірінде екі бауыр бар, бірі қандас болса, екіншісі діндес бауыр, бауырлар бір-біріне озбырлық жасамайды. Бауыр бірінен бірі еш нәрсесін аямайтын, қасында жоқ кезде дұға жасап тілеуін тілейтін адам.

Нұғман ибн Бәшир (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мүміндер бір-біріне сүйіспеншілік, мейірімділік және жанашырлық танытуда біртұтас дене тәрізді. (Адамның) бір жері ауырса, ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің мұңына ортақтасады», – деп айтқанын жеткізді.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: