ҚМДБ «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев Тараз қаласында сотталған азаматтармен кездесіп, құлшылықтың мәні, намаздың орны, мұсылмандық міндеттер жайлы насихат айтты.
Жасаған қылмысқа тәубе ету, адамгершілік, иман жайлы игіліктерді бойға сіңіру мақсатында жасалған жүздесу азаматтарға терең ой салды.
Жиын соңында сұрақтарға жауап беріліп, нақты дәлелдер келтірілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі