Жамбыл ауылы "Әл-Хафиз" мешітінің ұйымдастыруымен "Берекелі жұма" қайырымдылық шарасы өтті.
Игі жиынға Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы қатысып қайтты. Науқан аясында 30 адамға көмек көрсетілді.
Шариғатымызда қайырымдылықтың екі дүниедегі пайдасы жайлы айтылған көптеген аяттар мен хадистер бар. Сонымен қатар мейірімділіктің жаршысы болған осы амал қазақ дәстүрінде де ерекше орынға ие.
Іс-шараға 400 мың теңге қаражат жұмсалып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түліктей көмек берілді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі