Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жұма намазын өткізді.
Мешітке келген жамағатқа «Ар-ұятты сақтау – имандылықтан» атты тақырыбында уағыз айтты. Ислам – көркем мінез діні. Көркем мінезге ие болған адам өзге адамдар арасында қадірлі болып қана қоймай, екі дүние бақытына қол жеткізеді. Мұсылман адамның бойында болуы керек осындай көркем мінездердің бірі – ар мен ұятты сақтау. Жұма намазынан соң, аудан имамы жамағаттың қойған сұрақтарына жауап берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі