Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті жұма күніне орай «Берекелі жұма» қайырымдылық науқаны өтті.
Оны қолдаған ауыл жастары, мешіт жамағаты Алла тағала ол кісілердің игі істеріне сауаптан жазсын Ауыл имамы Тажібаев Қыдырбай ұйытқы болған мешіт жамағаты мен ауыл жастары бірігіп, 7 көпбалалы отбасыға азық-түлік таратты.
Қайырымдылық алған отбасылар ұйымдасқан іс-шараға өз алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі