Әйелдер арасында үстел үсті теннисінен спартакиада жасалды

Әйелдер арасында үстел үсті теннисінен спартакиада жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін қаламы мұқалмай маңыздың мәселелерді көтеріп, түйіткілдің түйінін тарқатып жүрген төртінші билік өкілдері саналатын журналистер қауымының төл мерекесі. Осыған орай, "Һибатулла Тарази" мешіті мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйел журналистер арасында үстел үсті теннисінен спартакиада өтті. 

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен шарада 8 адам сайысқа түсіп, жеңімпаздар анықталды. Оқ бойы оза шауып, бірінші орынды "Тараз 24" телеарнасының SMM маманы Клара Хасанова жеңіп алды. Ал екінші орынды "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз хатшысы, asyldin.kz сайтының тілшісі Ақерке Бекқұлова иеленсе, үшінші орын "77" арнасының тілшісі Сара Шоқанқызына бұйырды. Сонымен қатар төртінші орынды "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің әдіскері Меруерт Құрманбаева, бесінші орынды "77" арнасының тілшісі Диана Орынбасар алды. 

Жүлделі орынға ие болғандарға арнайы сыйлықтар табысталды. БАҚ қызметкерлеріне ақ дастархан жайылып, дін саласына қолдау білідіріп жүрген тілшілер облыс бас имамының алғыс хатымен марапатталды. Бейіт Әліпбекұлы өз жылы лебізін жеткізіп, журналистер қауымына алғысын айтты. 

Облыстың бас ұстазы Гүлжан Серікқызы барлық қыз-келіншектер үшін дұға жасап, дін мәселесіне қатысты кез келген сауалдарына жауап беруге әзір екенін жеткізді.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: