Тараз қаласы имамдары жат ағыммен күрес жүргізуде. Атап айтқанда «Құлбай баба» мешіті имамы, АТТ мүшесі Амангелді Назербайұлы арнайы жобамен Талас ауданы мешіттерін аралап «Жат ағым жарылқамайды» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
«Асым ата» мешіті имамы, АТТ мүшесі Ахметов Хамидулла «Давруш ата» және « Бегалы ата» сынды қала мешіттерінде жат ағымға қарсы лекциялар жүргізді. Айта кетелік, қаланың барлық мешіттерінде Бесін намазынан бұрын жамағатқа хадис оқылу үрдісі жалғасатын болады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Үмбетіп адасушылықта ешқашан бірікпейді!» деп бұйырады. Алла тағала хақ жолынан табанымызды тайдырмасын!
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі