Пайғамбарымызбен (с.а.у.) Хазреті Әбу Бәкір хижрет кезінде тау үңгірінде үш күн болады. Әбу Бәкір Сыддық қатты шөлдегенін айтқанда Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған былай деп бұйырады:
–Ей, Әбу Бәкір! Сыртқа шық, ағып тұрған өзеннен қалағаныңша іш!
Хазреті Әбу Бәкір сыртқа шыққанда таң қалды. Қардан суық және аппақ, балдан тәтті және хош иісті бір өзеннің ағып тұрғанын көрді. Шөлін қандырып ішіп, кейін пайғамбарымыздан (с.а.у.) сұрайды:
–Ей, Расулаллаһ, бұл таудың басында ағып тұрған қандай жанды су, мұндайды әлі ешкім көрмеген.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған:
–Хақ Тағала Жаннат өзендерінен жауапты болған періштеге сен ішуің үшін Фирдаус жаннатынан осы үңгірдің алдына бір өзен ағызуын әмір етті.
Хазреті Әбу Бәкір жылап тұрып:
–Әке-шешем сен үшін құрбан болсын! Әбу Бәкірдің Хақ Тағала алдында мұншалықты қадірі бар ма еді, ол үшін су жіберерлік?
Хақ Тағала алдында қадірің өте жоғары. Мені пайғамбар етіп жіберген Аллаһқа ант етіп айтамын саған дұшпандық еткендер жетпіс жылдық жақсылықтары болса да Жаннатқа кіре алмайды.