Бүгін "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде шәкірттерден емтихан қабылданды.
Сынақ Құран Кәрім, тәжуид, фиқһ, ақида және араб тілі пәндері бойынша жүргізілді. Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы құрамында төрағасы С.Сейтбеков - "ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау" бөлімінің меңгерушісі, мүшелері Х.Аманкулов - "ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуә" бөлімінің меңгерушісінің орынбасары, Б.Мырзагелдиев - Жамбыл облысының бас имамы, Қ.Жұмағұл - "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің директоры, Б.Амангелді - "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің арнайы пән оқытушысы болды.
Оқу орнының түлектері тапсырған сынақ билет түрінде қабылданып, қосымша сұрақтар қойылды. Айта кетейік, биыл 15 шәкірт оқуын аяқтап, дипломын қолға алмақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі