#ТАРАЗ: Отбасы құндылықтары насихатталды

#ТАРАЗ: Отбасы құндылықтары насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Отан отбасынан басталады. Отбасын бұзу рұқсат етілгендердің ішіндегі Алла Тағаланың ең жек көретін нәрселерінен болып табылады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың әйелдеріңмен жақсы қарым-қатынаста болғандарың!» деп бұйырады.

 Бүгін «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қорғауда болған отбасылық жәбір көрген әйелдерге насихат айтылды. Уағызды Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамы Хусаинов Алтынбек жүргізді. Білімін жетілдірген тәжірибелі маман өз сөзінде жақсылық пен жамандық адам баласының тағдырында қатар жүретіндігін жеткізіп, Алла Тағаладан жеңілдігін беруін сұрап дұға жасады.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: