Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде сабақ алушы әйел-қыздарға Ихсан ілімі насихатталды. Уағызды ҚМДБ әйел-қыздар секторы Жібек Болатбекқызы жүргізді. Жазғы сауат ашу курсына қатысушы әйел-қыздарға Ихсан ілімін үйренудің маңыздылығы, нәпсі тәрбиесі сынды тақырыптар түсіндірілді.
Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «(Күнәдан) тазарған жан, Раббысының есімін еске алып, намаз оқыған (пенде) мұратқа жетті!», - деп бұйырады.
Алла Тағала Жанымызды күнәдан тазартып, ихсан дәрежесінде намаз оқитын құлдарының қатарына қоссын!
Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі