ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысындағы өкілі конференцияға қатысты

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысындағы өкілі конференцияға қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шырайлы Шымкент шаһарында "Ихсан - тәрбие көзі" атты республикалық конференция өтті. Аталған шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының өкілі Гүлжан Серікқызы қатысып қайтты. 

ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторының жетекшісі Ақбөпе Қанатқызы бастаған барлық облыстағы сектор өкілдері қатысқан жиында әйел ұстаздар арасында сүбелі сөз, көркем әңгіме айтылып, Алла жолында қызмет жасаудың әдіс-тәсілдері де тілге тиек болды. 

"Нұр Мүбәрак" Университетінің ұстазы Шәмшәт Алаубаева сынды мамандар баяндама жасап, тың әрі дәйекті мағұлматтар берді. 

Шараға арнайы барған облыстың бас ұстазы ерекше әсер алып, жанданып, керемет кештің куәсі болғанын тебірене айтты. Шара соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: