#Шу қаласы: ТАУХИД – ДІННІҢ НЕГІЗІ

#Шу қаласы: ТАУХИД – ДІННІҢ НЕГІЗІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Б.Нұрлыханов құптан намазында жамағатқа «Таухид діннің негізі» тақырыбында уағыз айтты.

Ислам дінінің іргетасы таухид сенімі. Таухид – Алла жалғыз дегенді білдіреді. Қасиетті Құранда бұл ақиқат былай деп баян етілген: «Сендердің құдайларың – жалғыз бір Құдай. Одан өзге тәңір жоқ» («Бақара» сүресі, 163-аят).

Иә, Алла Тағала –жалғыз. Оның теңдесі, ұқсасы немесе серігі жоқ. Ол тумаған, туылмаған. Жалғыздық Құдайға жарасады деген мәтел осы сенімді білдіреді. Біз көріп тұрған және бәзге көрінбейтін барлық нәрсенің жаратушысы Жалғыз Алла. Жаратуда да Алла жалғыз. Одан өзге жаратушы жоқ. Алла бүкіл кемшілік, нұқсандық атаулыдан пәк.

Алланың жалғыздығына сенім жүректерді ортақ бір мақсатқа біріктіретін, мұсылмандар арасындағы  бірлік-ынтымақты күшейтетін маңызды  күш.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: