#Шу қаласы: БИДҒАТ – ДІНГЕ ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУ

#Шу қаласы: БИДҒАТ – ДІНГЕ ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы мешіт жамағатына «Бидғат – дінге жаңалық енгізу» тақырыбында насихат айтты.

Ақиқатында, ең шыншыл сөздер – Алланың сөздері, ал ең тура жол – бұл Мухаммадтың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жолы. Ең жаман істер – бұл осы дінге енгізілген жаңалықтар, өйткені діндегі әрбір жаңалық — бұл бидғат, әрбір бидғат – адасушылық, ал әрбір адасушылық тозақта.

Алла Тағала Өзінің Кітабын тура жолдың басшылығы ретінде адамдарға түсіруден бұрын, адамзат өздерінің Раббысының разылығына қалай жетуді білмейтін. Адамдар өздерінің жорамалдарына негізделіп және тәжірибереліне сүйеніп, үнемі сүрініп және адасып өмір сүретін.

Алла Тағала былай деп айтты: «Расында, Алла мүміндерге қамқорлық етіп, өздерінің ішінен, оларға Алланың аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Олар бұрын ашық адасуда болса да». (3:164)

Сондай-ақ: «Саған осылайша әмірімізден бір рух (Құран) уахи еттік. Сен Кітап не, иман не екенін білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ тура жолға саламыз», — деді. (42:52)

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: