#ТАРАЗ: Қала имамдары білім алушы шәкірттерге шәкіртақы берді

#ТАРАЗ: Қала имамдары білім алушы шәкірттерге шәкіртақы берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Тараз қаласы имамдары «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқитын шәкірттерге шәкірт ақы берді. Болашақ дін қызметкері болатын білім алушыларға имам ағалары батасын беріп, оқуды абыроймен бітіріп Алланың дініне аянбай қызмет ету керектігін насихаттады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде аятқанындай: «Білім талап ету – әрбір мұсылманға парыз».

  Білім – пайғамбарлардың мұрасы әрі баға жетпес игілік. Білім – жүректің өмірі, көздің нұры, рухтың шипасы, жанның рақаты. Білім – сөздерді, істерді, оқиғаларды өлшеуге болатын таразы. Білім арқылы адам Алланы таниды, құлшылығын бір Құдайға арнайды, Оны мадақтайды. Білімнің себебімен тура жол табылады. Білім – Жәннатқа жолды жеңілдетуші. Алла игілік қалаған адамына Ислам туралы түсінікті береді. Періштелер білім жолына түскен адамға қанатын жаяды, көктер мен жердегілер ол үшін дұға жасайды. 

 "Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: