Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде ҚМДБ бағыттарының бірі болған «Ихсан ілімі» бағыты насихатталды. Уағыз-насихатты жоғарыда аталмыш мешіттің наиб имамы Егизбаев Алмуханбет жүргізді. Жамағатқа Ихсан ілімінің маңыздылығы, Аллаға лайықты құл болу және «жүректі көреалмаушылық, қызғаныш сынды рухани ластықтан қалай тазартамыз?» сынды тақырыптар қозғалды.
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Оны (өз жанын) тазартқан жан мұратқа жетті. Ал оны (жанын) аздырған (кірлеткен) жан зиянға ұшырады» деп бұйырады. Алла Тағала жанымызды, нәпсімізді рухани кірліктерден тазартып, Құран мен сүннетке сай өмір сүруімізді нәсіп етсін!
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі