Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылында тағы бір мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Соғылып жатқан мешітке ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы арнайы барды.
Бектөбе мешітінің имамы Танатаров Ғани мешіт жұмыстарымен таныстырды. Бас имам мешіт құжаттары ҚМДБ қарамағына өту керектігін және мешітке имам ҚМДБ-дан тағайындалатынын жеткізді.
Жамағат аудан имамының сөзің қолдайтындығын және орындалатындығын жеткізді. Ал мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын ауыл имамдарына қадағалауын тапсырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі