Шу қалалық «Жәми мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы мешіт жамағатына Алла Тағалаға иман келтіру тақырыбында насихат айтты.
Бүкіл әлемдердің Жаратушысы, барлық нәрсені жоқтан бар еткен, барлық нәрсені жаратуға құдіреті жететін бір Аллаға сену балағитқа жеткен әрбір ақыл есі дұрыс пендеге парыз. Ғалымдарымыздың пікірі бойынша, пайғамбар келмесе де адамдар Алланың бар және бір екендігін ақылдарымен табуы – уәжіп. Себебі, Адамның қабілеті мен ақылы бұған жететіндей деңгейде Жаратылған.
Бізді қоршаған әлем, аспан мен жердегі қаншама теңдесі жоқ жаратылыстың баршасы Ұлы Жаратушымыз Алланың бар екендігіне толықтай айғақ бола алады. Бұл жөнінде Қасиетті Құран Кәрімде: «Жер мен көктің жаратылуында және күн мен түннің алма-кезек өзара алмасуында ақыл иелері үшін (Алланың бірлігін, барлығын білдіретін) айқын дәлелдер бар» (3.Али Имран-190) – деп нақты баян етілген. Және бір аятта Алла Тағала: «Жер мен көктің жаратушысы Аллаһтың бар Екендігіне күмәнданасыңдар ма?» (14.Ибраһим-10) – деп бұлтартпас айғақпен ұғындыратынын жеткізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.