Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы «Кәрібай молда» мешіті жанынан бой көтеріп жатқан асхана құрылысын аралады.
Мешіттер Алла Тағаланың жердегі құлшылық үйі. 2019 жылы халыққа есігін айқара ашқан Шу қаласындағы «Кәрібай молда» мешіті қазіргі таңда халыққа діни жоралғы, діни қызметтер көрсетуде. Мешіт жанға жайлы, халыққа ыңғайлы мүмкіндігінше жан-жақты жалпы халыққа қызмет көрсету тұрғысынан жан-жақты болғаны құба-құп болады.
Шу қаласында халыққа діни рәсімдерді бірізділікке түсіру мақсатында «Кәрібай молда» мешітінің жанынан асхана құрылысы жүргізілуде.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.