Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінің имамы Танатаров Ғани шам намазынан кейін мешітке келген жастарға дін және дәстүрді насихаттады.
"Дін мен дәстүр үндескенде - дін дамиды, дәстүр байиды. Ал, ұлт діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды. Баршаға белгілі, ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері ғасырлар бойы өзара кірігіп, ажырамастай болып тамырласып кетті. Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан, дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі" - деді имам өз сөзінде.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі