Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен келе жатқан ұлық мереке Құрбан айтты өткізуге қатысты облыс бас имамдарымен жиналыс өтті.
Осыған орай, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев өңірге қарасты қала және аудан имамдарымен жиын жасады.
Бас қосуда Құрбан айт мерекесін өткізу барысы тақыланып, ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Облыс бас имамы бірқатар тапсырмалар жүктеп, дайындықты бастауды тапсырды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.