Тірілген өлік

Тірілген өлік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұса алейһиссаламның заманында Бәни Исрайл қауымынан бір жігіт өзінен басқа мұрагері болмаса да малына ашкөздік етіп, бай болған әкесінің ағасын өлтіреді. Өлігін жасырын барып көрші ауылға тастап кетеді.

Ертеңіне байдың ауылдастары Мұса алейһиссаламға барып, байды көрші ауылдықтар көргенін айтады. Олар өлтірмегенін айтқанда, Хақ Тағала бір сиыр сойып бір бөлшегімен мәйітті ұрса, өлі тіріліп кім өлтіргендігін айтатын.

Мұса алейһиссаламға білдірді. Халық Хазреті Мұсадан (ғ.с.) сойылатын сиырдың қандай сипатта болу керектігін сұрайды. Ол білдіреді. Құны үш алтын болғанымен, айтылған сипаттар тек бір ғана сиырда болғаны үшін терісі толған алтын беріп бұл сиырды сатып алып сояды.

Сойылған сиырдың бір бөлшегімен өліні ұрғанда өлі тіріліп «Мені өлтірген бауырымның баласы» деп айтып қайтадан өледі. Адамдар өлтірген жігітті ұстап өлтіреді. Осылай екі ауыл арасындағы жанжал тоқтайды.

Бұл оқиға Құран Кәрімде Бақара сүресінің 67-73 аяттарында білдірілген. Соңғы аяттың жалғасында «Міне Аллаһ өлілерді осылай тірілтеді. Ойланып шындықты түсінулерің үшін сендерге көрсетеді» деп бұйырылған.

Перғауындар дәуіріндегі Мысырда сиыр киелі деп санаған жануар еді. Қазіргі Үндістандағы сияқты олар да сиырға табынатын. Аллаһтаң басқа нәрселерге табынуға болмайтынын көрсету және осындай қате сенімдерді жою мақсатымен Бәни Исрайл қауымына осы муғжиза көрсетілген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: