Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінің ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсы ашылды.
Мешіт имамы Тәжібаев Қыдырбай мешітке келген шәкірттерге облыстың берген тапсырмасына сай түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дәріс 45 минут болатындығын, міндетті түрде бетперде болу керектігін және де шәкірттер саны 15 тен аспау керектігін жіті назарда ұстау керектігін айтты.
Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай діни біліміне қоса рухани тәрбие және ойын сағаттары да ұйымдастырылатынын жеткізді.
Жамбыл аудандық мешітің баспасөз қызметі