Жамбыл обылысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылының имамы Абдулхад Абдулмананның ұйымдастыруымен ауылдың жағдайы төмен отбасыларына арнап 1 бұқа сойылып, еті таратылды.
Бұл игі іс-шараға Байзақ ауданының бас имамы Азизов Рамиз Қажы қатысып, ауыл тұрғындарының бірлікпен атқарған жұмыстарына ризашылғын білдіріп, мұның сауапты іс екендігін насихаттап, жамағатпен бірге осы амалдың қабыл болуын тілеп, дұға жасады.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі



12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

