Жамбыл ауданына қарасты ауылдардың имамдары вакцина салдырды. Дәлірек айтсақ, «Бесағаш» мешіті мен «Рәпілбек», «Тұрғани» мешітінің имамдары екпе салдырған болатын.
Әсіресе, ислам діні денсаулықты сақтауға, күтуге, аурудың алдын алуға шақырады. Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың: «Аурудан емделіңдер. Алла Тағала әрбір аурудың емін қоса жаратқан» деген хадисі бар. Әрбір саналы азамат өзінің денсаулығын сақтаумен қатар, өзгенің денсаулығына қатер төндірмеуді ойлауы тиіс.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі