Шу қалалық «Жәми» мешітінің ұйымдастыруымен қаладағы мұқтаж отбасыларға азық түліктей қайырымдылық жасалды. Әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасыға 1 қап қант, 1 қап ұн, мокорон, сұйық май және күріш таратылды.
Алланың разылығы үшін қайырымдылыққа демеуші болған Шу қаласының тұрғыны Мамутов Абдурасулға Алланың нұры жаусын.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат қажы Дүйсенбайұлы аталған қайырымдылық жасалуына себепші болған «Мар-Нур» компаниясының жетекшісі, Шу аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ғалия Әділқызына ерекше алғысын жеткізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.