#Тараз: III тоқсан жұмыс жоспары пысықталды

#Тараз: III тоқсан жұмыс жоспары пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде кезекті имамдар мәжілісі болып өтті. Мәжілісте ү.ж. III тоқсан жұмыс жоспары пысықталды. Атап айтқанда ҚМДБ-ның бекіткен уағыз-насихат, оқу-ағарту және кадр даярлау, ихсан ілімі, жат ағыммен күрес, жастар ісі, қайырымдылық,  Халал стандарттандыру бағыттары қамтылды.

 Жиналысқа Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы арнайы шақырылды. Сөз бастаған Тараз қаласының бас имамы Амантай Әбілдәұлы жоғарыда аталмыш жеті бағыттың жүзеге асуын түсіндіріп өтіп, қала имамдарына қызметке жоғары деңгейде мән беруін тапсырды.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: