Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің найб имамдары Жұмағұлов Жандос пен Серік Нұркелді оқып жатқан жас шәкірттеріне «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай балмұздақ таратты. Дәріс алып жатқан шәкірттер мен ата-аналары ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігін ұмпағанымыз жөн!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі