1 маусым - балаларды қорғау күнінде Қордай аудандық мешітінің имамдары Мүгедек балаларды оңалту орталығына барып қайтты.
Бүлдіршіндердің төл мерекесіне арнап ақ дастархан жайып, дәмді тағамдармен қуантты. Сонымен қатар орталыққа қаржылай сыйлық табыстады.
Аталмаш мейрам барлық елде 1950 жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты - балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды тағы бір еске салу. Осылайша болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Бұл күні жер-жерде балаларға арналған мәдени шаралар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйланады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі