Әлемді дүр сілкіндірген пандемия әлі толастар емес. Халықтың санитарлық талаптарды сақтауы басты міндетке айналған-ды. Аурудың одан ары өршуінің алдын алу мақсатында бүкіл әлем екпе салдыртуды бастады.
Осы орайда, Жамбыл облысының имамдары да екпе алып жатқанын айта кетейік. Дін мамандары "Спутник V" вакцинасын салдырды.
Денсаулық Алла тағаланың берген ең үлкен нығметтерінің бірі. Пайғамбарымыз ﷺ бір хадисінде: «О, Алланың құлдары! Емделіңдер, себебі дертті жаратқан Алла оның шипасын да жаратқан. Тек кәріліктің емі жоқ» - деген болатын.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
""Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі