Бүгін Қордайлықтар 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алады.
Ауданға қарасты 62 мешітте бірдей, бір мезетте бабалар рухына құран бағышталып, дұға жасалды.
Мешіт имамдары мен жамағат азалы кезеңде ажал құшқан ата-бабамызды Алла мейіріміне бөлеп, панасына алғай. Жандары жәннатта шалқысын деп тіледі.
Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақтың баласы осы қазақ тарихындағы ең ауыр, терең қайғыға толы кезеңді ұмытпауы керек.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі