Еліміз 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алады.
Осыған орай, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде зобалаң нәубетті жылдарды бастан кешкен жұртымыздың азалы кезеңінде ажал құшқан ата-баба рухына құран бағышталды.
Мешіттің наиб имамы Бахияр Амиреев құран оқып, мақұмдарды Алла рахымына алып, жаннаттық етсін деп дұға жасады. Жамағат та елі үшін ауыр жолды жүріп өткен бабалар рухына құрмет көрсетті.
Осынау сәттерді, тарихты еске түсіре отырып, бүгінгі күнімізге шүкір айтып, тәуелсіздігіміздің қадірін ұмытпау бізге міндет!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі