Меркі аудандық орталық мешітінде Ольга есімді азаматша ислам дінін қабылдады. Меркі аудандық орталық мешітінің наиб имамы Батырбек Жақсымбетұлы асыл дініміз Ислам жайында насихат айтып, Ислам құндылықтарын түсіндіре келе Алланың құзырында қабыл болатын соңғы дін Ислам екендігін Құран аяттары және пайғамбар хадистерімен дәлелдеп өтті. Келіншекке кәлимасын айтқызғаннан кейін, сыйлыққа Ислам діні жайлы әдебиеттерді сыйға берді.
Дін қызметкерлері Ислам дінін қабылдаған Ольгаға дұға етіп, наиб имам орыс тілінде ислам негіздерін, дініміз насихат ететін жақсылықтарды, иман, намаз, ораза сынды парыздарды, күнә мен сауапты түсіндіріп, мұсылманның міндеттерін орындау керектігін кеңінен түсіндірді.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі