Сенің дінің хақ дін

Сенің дінің хақ дін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қонақ күтуді өте жақсы көретін Ибраһим алейһиссаламға бір апта бойы ешкім келмейді. Жан-жақтан қонақ іздейді. Ақырында қырдан ақ сақалды қарт адамды көреді. Қарияның жағдайын сұрайды.

–Ей, жолаушы! Жүр, бүгін тамақты бізден ішейік, – дейді. Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар мен оның адамдары ол қарияны жылы шыраймен қарсы алады. Тамақ ішерде барлығы «бисмилләһ» дейді, бірақ ол қарт айтпайды. Сонда Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар:

–Ей, көп жасаған қария. Хақ Тағаланың есімін айту керек емес пе? – дейді.

–Отқа табынатын пірімнің мұндай сөз айтқанын естіген емеспін, – дейді қария. Ибраһим пайғамбар (ғ.с) не істерін білмей ойлана бастайды. Аллаһқа сенбейтін адамға тамақ беру дұрыс па?..

Ақырында мұндай адаммен бір дастарханда отыру дұрыс емес деп табады. Бұл кезде қарияда тұрып кетеді. Осы кезде Хақ Тағала Жәбірейіл алейһиссаламды Ибраһим алейһиссаламға жібереді.

–       «Ей, Ибраһим. Мен ол қартты кәпір болуына қарамай 100 жылдан бері өмір сүргізіп, ризығын, тұзын беріп келемін. Сен одан бір табақ тамағыңды аядың».

–       Ибраһим( ғ.с.) пайғамбар  дереу қарияның артынан жүгіріп барып:

–       Қайтадан дстарханға келіңіз. Жасаған қылығымды кешіріңіз, – дейді.

–       Неге кешірім сұрадың? – дейді қария.

–       Бұл әрекетіме байланысты Хақ Тағала маған уаһи жіберіп, айыптады.

Қарияға бұл қатты әсер етеді. Ол:

–       Қандай ұлы тәңір! Мен сияқты өзіне 100 жыл бойы қарсы келген бір адам үшін пайғамбарға ескерту жасайды. Бұл қандай жақсы дін. Ей, Ибраһим! Мен де сенің дініңе кіргім келеді, – деп мұсылмандықты қабылдайды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: