#ТАРАЗ: Қала имамдары мектеп оқушыларымен кездесті

#ТАРАЗ: Қала имамдары мектеп оқушыларымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тараз қаласы имамдары қала мектептерінде онлайн форматта  және мектепте бітіруші сыныптармен кездесті. Кездесу күн тәртібінде оқушыларға дін мәселелері және теріс діннің ықпалы мен қоғамға зияндығы баяндалды.

Сонымен қоса оқушылардың санасында жүрген: ««Жиһад» дегеніміз не? Сәләфиттер деген кімдер? Тәуелсіз Қазақстанда ең кең таралған діндер туралы айтсаңыз? Ғибадатханалар кімге тиесілі? Олардың жұмысына кімдер жауапты? Ислам діні қазақ жеріне қай уақыттан ене бастады? Ер азаматтардың балақты қысқарту мен жастардың егде жасқа жетпестен сақал қоюдың шариғаттағы үкімі қандай?» - деген сынды сұрақтарына жауап беріліп, 9-11 сынып оқушылары арасында діни оқу орындарына түсуге ниеттілер анықталып, еліміздегі діни медреселер бойынша ақпарат берілді.

 "Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: