Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат қажы Дүйсенбайұлы Шу қаласының әкімі Садан Құрманұлының қабылдауында болды.
Қаланың бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы Шу қаласының әкімімен өңірдегі діни ахуалды сөз етті. Қаладағы мешіттердің атқарып жатқан қызметін баяндап, өткен Рамазан айында қала имамдарының ұйытқы болуымен ауқымды қайырымдылық шаралары мен әлеуметтік желі парақшалары арқылы тұрақты түрде күнделікті 30 күнге, 30 уағыз ұйымдастырғанын жеткізді. Сондай-ақ дін қызметкерлері деструктивті діни ағымдардың алдын алу, халыққа насихаттау жұмыстарын жүргізу бойынша, жеке және жалпы кездесулер өткізді. Сонымен қатар Шу қаласындағы жаңадан бой көтерген «Тоғай» мешітінің құрылыс деңгейін және құжаттар мәселесін айтып өтті.
Қала әкімі Садан Құрманұлы өз сөзінде қаладағы мешіт имамдарының атқарып жатқан қызметтеріне ризалығын білдіріп, әрқашан қала әкімшілігі тарапынан жан-жақты асыл дініміз Исламға қолдау көрсететінін жеткізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.