#Тараз қалалық орталық мешіттің жарық жүйесі мен дауыс ұлғайтқыш құрылғылары жөнделуде

#Тараз қалалық орталық мешіттің жарық жүйесі мен дауыс ұлғайтқыш құрылғылары жөнделуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Мешіт Алла Тағаланың үйі екендігі белгілі. Пайғамбарымыз (с.а.у.) мешітті жарықтандырған Тәмимүд-Дари деген сахабаға «Сен Исламды нұрландырдың, мешітті көркейттің. Алла да сені дүние мен ақиретте нұрландырсын» деп дұға қылған болатын. Осыған байланысты Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің жарық жүйесі жөнделіп, майшамдары сүртіліп, биік мұнарасында орналасқан дыбыс шығару құрылғылары реттелді. Құлақтан кіріп бойды алар әсем дауысымен азан шақыратын сахаба Біләлға (р.а.) Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Уа Біләл! Біздің жанымызды рақаттандыр!» деп азан айтуын бұйыраты.

Алла үйін жарықтандыруда үлес қосқан бауырларымызды Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқанындай Алла Тағала да осы дүние мен ақыретте нұрландырсын.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: