Жамбыл ауданына қарасты «Сатбай ата» мешітінде Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы арнайы барып мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын қарап, жоғары баға берді.
2017 жылы аталған мешіт Жамбыл ауданына арасты ауыл мешіттерінің арасында «Көрікті мешіт» атанған болатын. Ауыл имамы Оңғарбаев Тұрғынбек қажы атамызға атқарып жатқан жұмыстарына үлкен сауаптан жазғай. Аудан имамы ауыл мешіттерінің барлығы осындай таза болу керектігін айтып, аталған мешіт имамы ауыл имамдарына жұмыс атқаруда үлгі екенін тілге тиек етті.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі