Қордай аудандық мешітінің ұйытқы болуымен "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша еңбек етіп жүрген ерікті жастар қабірстанға тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шараға аудандық мешіттің наиб имамы Дәурен Нұржанұлы мен Нұрбол Сұлтанбек қатысты. Еріктілер мазараттардың шөбін жұлып, қоқыстан, басқа да ластықтардан тазартып шықты.
"Өлі разы болмай, тірі байымас" дейді дана қалқымыз. Ислам тазалықты құп көретін ақиқат діні. Зиярат басын тазу ұстау - ата-баба рухына құрмет, әрі қоғамға қосылған үлес болмақ.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі