Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлының басшылығымен Сарыбұлақ ауылы "Сахаба" мешітінде көшпелі жиналыс жасалды.
Қасиетті Рамазан айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, саралап, талқылау мақсатында жасалған жиында бір ай нәтижесі сөз болып, жетістіктер тілге тиек етілді.
Айта кетейік, Қордай ауданында қайырымдылық бағытының өзіне қатысты 21 іс-шара өткізіліп, 320 отбасыға 8 080 000 теңгеге көмек көрсетілсе, 4000 адамға 3 200 000 теңгеге ауызашар қоржындары таратылған болатын.
Өңірге қарасты барлық ауылдар белсенді түрде, уағыз-насихат, кездесулер, мерекелік шаралар, түрлі спорттық, интелектуалдық сайыстарды ұйымдастырды.
Ауыл имамдарының еңбегіне жоғары баға берген аудан имамы мамандарға мотивация берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі