Қордай ауданының наиб имамы Дәурен Нұржанұлы ауылдық округтың әкімшілік және жегілікті полиция қызметкерлері өткен деструктивті ағымдарға қатысты іс-шараға қатысып қайтты.
Дін маманы теріс ағымдар жайында баяндама оқып, олардың қоғамға алып келген зияны, сипаты, ұстанымы, мақсаты жөнінде айтып түсіндірді.
Ұстанымның дәстүрлі дінімізден айырмашылығы, діни білімнің пайдасы тілге тиек болды. Наиб имам қатысушылардың көкейкесті сауалдарына жауап берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі