Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат қажы Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен Шу қаласындағы «ТАРЛАН» спорт кешенінде Еркін күрестен жасөспірімдер арасында аудандық жарыс өткізілді.
Еркін күрестен 2007-2009, 2010-2012, 2013-2016 жылғы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және 9 мамыр - Ұлы жеңістің 76 жылдығына орай аудандық турнир өткізіліп, жеңімпаздарға медальмен МАДАҚТАМА тапсырылды.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы турнирге демеушілік жасаған азаматтарға өз алғысын білдірді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.