#Меркі: «Намазхана» мешітінің ғимараты жаңартылды

#Меркі: «Намазхана» мешітінің ғимараты жаңартылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлық та қасиетті жұма күні Меркі ауданы, Ойтал ауылында «Намазхана» мешітінің ғимараты жаңартылып салтанатты ашылуы болды.

Батамен ел көгереді дегендей, ашылу рәсімі ақ бата тілеумен басталды.

Алла үйінің ашылуында ауданымыздың Бас имамы Нұрбек Қайсарұлы сөз сөйлеп: «Аллаға шүкір, қазір ел азаматтары ықыласпен мешіт, медресе, жол, көпір салып, халқымыздың алғысын алуда. Мешіттерімізде азан айтылып, жұртымызға жақсылықты насихаттауға мүмкіндік алып жатырмыз. Жастарымыз иман жолына түсіп, жаман әдеттен арылуда. Біз осындай игілікке Алланың жәрдемімен бірлігіміз бен ниетіміздің арқасында жетіп жатырмыз. Ендеше, осы бірлігіміз бен берекемізді одан сайын арттыруға әрбір азаматымыз үлес қосуы керек» деп атап өтті.

Алла үйінің ашылуына жиналған ауыл тұрғындары Жаратқаннан нығмет тілеп, игі іске бастамашы болған, атсалысқан азаматтарға алғыс жаудырумен болды. Бас имам мешітті салған жомарт жандарға алғысын, ізгі ниетін білдірді.

Айта кетсек, жергілікті жомарт жандардың демеушілігімен салынған мешітте бір мезетте 150-200 адамдай құлшылығын өтей алады.

Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: